Асу Алмабаев UFC-дің экс-чемпионы Брэндон Мореномен жұдырықтасады

Қазақстандық UFC жауынгері, аса жеңіл салмақтағы рейтингтің жетінші сатысында тұрған Асу Алмабаев 1 наурыз күні Мексикада өтетін UFC турнирінде октагонға шығады. Қарсыласы промоушеннің бұрынғы чемпионы, мексикалық Брэндон Морено. Бұл туралы «Вестник ММА» Telegram-арнасы хабарлады.
Жекпе-жек UFC-дің Мексикадағы турнирі аясында өтеді. Қазіргі таңда бұл кездесудің кештің басты айқасы бола ма, жоқ па – әзірге белгісіз.
Асу Алмабаев соңғы жекпе-жегін 22 қараша күні UFC-дің Катарда өткен алғашқы турнирінде өткізді. Америкалық Алекс Пересті (рейтингте 11-орын) тұншықтыру әдісімен жеңіп, кезекті сенімді жеңісіне қол жеткізді. 31 жастағы спортшы ММА-де жалпы 26 жекпе-жек өткізіп, 23 рет жеңіске жеткен. UFC аясында алты жеңісі және бір жеңілісі бар. Алмабаев аса жеңіл салмақта (56 кг) өнер көрсетеді.
32 жастағы Брэндон Морено аралас жекпе-жекте 34 жекпе-жек өткізіп, 23 жеңіс пен 9 жеңіліске ұшыраған. UFC чемпионы атағын екі мәрте иеленген тәжірибелі файтер. Соңғы айқасын 6 желтоқсан күні Лас-Вегаста өткен UFC 323 турнирінде өткізген Морено жапониялық Татсуро Тайраға (рейтингте 3-орын) техникалық нокаутпен жол берді.