Қорғастан 7 млрд теңгеге жуық салық түскен

Жетісуда «Қорғас» арнайы экономикалық аймағында 32 жоба іске асырылып, 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.
ҚазАқпарат хабарлауынша, бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев айтып берді.
Іске асырылған негізгі жобалар ішінде KTZE – Khorgos Gateway құрғақ портын кеңейту жұмыстары аяқталды. Соның нәтижесінде терминалдың өткізу қабілеті 1,5 есеге артқан. Жылына 540 мыңнан 800 мың контейнерге дейін өткізе алады. Сол сияқты күн панельдерін өндіретін «Miami Solar», металл конструкцияларын шығаратын «Standart Steel KZ» зауыттар да бар.
Арнайы экономикалық аймақта тағы 32 жоба жүзеге асырылып жатыр.
«Қорғас» ШЫХА жұмыс тиімділігін арттыру үшін жаңғырту жүргізіліп, екінші багаж терминалы іске қосылды. Face ID жүйесі енгізілді. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланды. Сондай-ақ «Қазпоштамен» жүк тасымалдау бағытында жұмыс басталды. Соның нәтижесінде орталыққа келушілер саны тәулігіне 2 есеге, яғни, 5 мың адамға дейін артты», – деді Б. Исабаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
2024 жылы мұнда 3,6 млрд теңге салық пен кедендік төлемдер төленді. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 46 есе көп.
2025 жылдың 10 айында 6,9 млрд теңге түскен. Өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 2,7 есе өсті.
Қазақстан мен Қытай автотасымалдарға рұқсат беру бойынша шектеусіз жүйеге көшуге келісті.