Ауа райы бұзылып, күре жолдарда қозғалыс шектелді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
жол жабық стоп
фото: shutterstock

14 желтоқсанда таңертең ауа райының бұзылуына байланысты республикалық бірнеше автожолда көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы Kursiv.Media ҚазАвтоЖол мәліметіне сүйене отырып хабарлады.

Ұлттық компания таратқан ақпаратқа қарағанда, жексенбі күні таңертең Қызылорда, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында жолдар жабылды.

Қызылорда облысы:

  • «РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1806 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы – Қызылорда қ.);

Ақтөбе облысы:

  • «РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1153-1240 шақырым аралығы (Ырғыз ауылы – Қызылорда облысының шекарасы);

Батыс Қазақстан облысы:

  • «Ақтөбе-Атырау-РФ шек.» 189-375 шақырым аралығы (Чапай елді мекенінен Атырау облысының шекарасына дейін).

Жолды 2025 жылғы 14 желтоқсан сағат 12:00-де ашу жоспарланған.

Кәсіпорын жолды Қызылорда мен Ақтөбеде сағат 17:00-де, ал Батыс Қазақстанда сағат 12:00-де ашуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз