«Пасық содырлар»: Израиль Сиднейдегі еврейлерге шабуылды айыптады

Тель-Авиви 14 желтоқсанда Сидней қаласында еврейлер қауымына қарсы жасалған шабуылды сынады. Бұл туралы Kursiv.Media CNN мәліметіне сүйене отырып хабарлады.
Израиль билігі Австралиядағы теракт туралы сыни мәлімдемелер жасап, Сиднейдегі Бонди жағалауындағы шабуылды айыптады. Шенеуніктердің кейбірі елде антисемитизмге жол берді деп Австралия билігіне де мін тақты.
Президент Исаак Герцог жексенбі күні шұғыл жиналыс өткізді.
«Дәл осы сағаттарда біздің бауырларымыз Австралияның Сидней қаласында, Бонди жағажайында Хабад мереккесінде ханука шырақтарын жағу кезінде содырлар шабуылына ұшырап жатыр», – деп мәлімдеді ол.
Сонымен бірге президент Австралияда таралған антисемитизм мен қылмысты тез арада жою керектігін талай рет сол елдің билігіне ескерттік деді. Ол бейбіт тұрғындарға шабуылдағандарды «пасық содырлар» деп атады.
Бұл уақытта Израиль сыртқы істер министрі Гидеон Саар Австралия үкіметін сынады.
«Бұл кейінгі екі жылда Австралия көшелеріндегі антисемиттік тәртіпсіздіктердің салдары. Талай мәрте ескерту естігін жергілікті үкімет ойлануы тиіс», – деп жазды ол X әлеуметтік желісіне.
Мәліметтерге қарағанда, Бонди жағажайындағы еврейлер мерекесіне 2 мыңға жуық адам жиналған.
Естеріңізге сала кетейік, 14 желтоқсанда Сидней қаласындағы теңіз жағалауында теракт болды. Шабуыл салдарынан кем дегенде он екі адам қаза тапты.
Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының премьер-министрі Крис Миннс Сиднейдегі теракт кезінде содырды жығып, қаруын тартып алған азаматты «нағыз батыр» деп атады.