Турлов «Шахтер» клубы мен академиясын дамытуға 16 млрд теңге жұмсайды

«Шахтер» футбол клубының жаңа иесі кәсіпкер Тимур Турлов команда мен жастар футболын дамытуға қанша инвестиция салатынын айтып берді. Оның айтуынша, академия құрылысына бюджет шамамен 16 миллиард теңгені құрайды, ал клубтың операциялық шығындарына 2026 жылы шамамен 4 миллиард теңге жұмсау жоспарлануда. Бұл қаражаттың көп бөлігі инфрақұрылымды дамытуға және жас ойыншыларды дайындауға жұмсалады.
Жастардың басымдығы
Турлов команданың қазір жастарға бағытталғанын атап өтті. Бастысы болашақ үшін күшті базаны қалыптастыруға назар аударылады. Сонымен қатар, облыстық футбол қауымдастығы 2029 жылға дейін жастар, әуесқой және бұқаралық футболды дамыту жобаларына, сондай-ақ, цифрландыруға 6,5 миллиард теңге көлемінде қолдау жасайды.
«Жастарды қолдау, әуесқой футбол және цифрландыру инфрақұрылымын қолдау керек. Біздің холдинг үшін бұл әлеуметтік шығындарымыздың негізгі бөлігін құрайтын өте маңызды сала. Холдинг пайдасының ондаған пайызын осы мақсатқа бөлеміз», – деп атап өтті Турлов.
Трансфертлер
«Шахтердің» жаңа бас бапкері Дмитрий Огай алдағы маусымда құрамда тек қазақстандық футболшылар ойнайтынын атап өтті. Жас ойыншылар 2008 жылы туған болуы мүмкін.
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев спорттық инфрақұрылымды жаңғырту жоспарлары туралы хабарлады. 1956 жылы салынған ескі Шахтер стадионы қазірдің өзінде жаңартылуда. Сонымен қатар, Майқұдық пен оңтүстік-шығыс арасындағы спорт кластерінде 12 мың орындық жаңа жабық стадион жобалануда. Бұл жоба жеті нысанның үлкен кешенінің бөлігі болады. Алайда ол барлық жобаларға жұмсалатын шығындар туралы сұраққа жауап бере алмады.
«Шығын – техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) болған кезде белгілі болады. Бұл қазір ең бастысы емес. Ең бастысы – дұрыс жүйе орнату. Кейін ешкімде сұрақтар болмас үшін», – деді әкім.
Бөлекпаев мемлекет пен әкімдік Freedom компаниясының мамандарымен келісілген заманауи инфрақұрылымды құруды өз мойнына алатынын атап өтті. Қарағандыда ғана емес, облыстың басқа қалаларында да футбол алаңдары мен нысандарын дамыту жоспарлануда.
Айта кетейік бұған дейін Freedom Holding Corp. негізін қалаушы әрі иесі Тимур Турловтың қарағандылық «Шахтер» футбол командасын ресми түрде жекешелендіргенін хабарлаған едік.