Трамп ВВС-ге қарсы 5 млрд долларға арыз берді

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Трамп ВВС дауы
фото: коллаж Kursiv Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

АҚШ президенті Дональд Трамп ВВС медиакомпаниясын сотқа берді. Ол компания 2021 жылы 6 қаңтарда сөйлеген сөзін монтаждап берген дейді. Трамптың мәлімдемесі ВВС-дің «Панорама» фильмінде көрсетілген еді. Осы үшін Трамп Британия хабар тарату корпорациясынан 5 млрд доллар талап етіп отыр.

Трамп адвокаттары 15 желтоқсанда АҚШ-тың Флорида штаты сотына шағым түсірген. Олар BBC коммерциялық құқықты бұзды деп және 2021 жылғы 6 қаңтарда президент сөздеріне «қасақана, жаман ниетпен және адастыратын» түзетулер енгізді деп айыптайды.

Ал BBC басшылығы әлі ресми түрде шағымға қатысты пікір білдірген жоқ.

Бұл жанжал қарашада басталды. Дональд Трамптың сөзін өзгертуге байланысты дау туындағаннан кейін BBC бас директоры Тим Дэйви мен BBC News жаңалықтар бөлімінің жетекшісі Дебора Тернесс  отставкаға кетті.

Айта кетейік, 2021 жылы 6 қаңтарда Трамп жақтастарына арнап сөз сөйлеген. Сол күні оның жақтастары Капитолийді басып алуға барды.

Сондай-ақ оқыңыз