ШҚО-да ауа райының нашарлауына байланысты қозғалыс шектелді
Жарияланды

Шығыс Қазақстан облысында ауа-райының нашарлауына байланысты республикалық автожолдардың бірқатар учаскесінде жүк және қоғамдық көлік үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.
Компания 17 желтоқсанда сағат 18:00-дегі жағдай бойынша өңірде қолайсыз метеожағдайларға байланысты жүк және қоғамдық көлік үшін қозғалысқа уақытша шектеу болатынын нақтылады.
Шектеу республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының мынадай учаскелеріне қолданылады:
- Өскемен-Риддер автожолы 15-тен 105-ші километрге дейінгі арасы (Белоусовка кентінен Риддер қаласына дейінгі учаске);
- Өскемен-Шемонаиха автожолы 1104-тен 1191-ші километрге дейінгі учаскеде (Глубокое ауылына бұрылыстан Шемонаиха қаласына дейін).
Сондай-ақ, өңірде республикалық автомобиль жолдарын күтіп ұстауды қамтамасыз ету үшін 927 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.