«Құмар ойынға жұмсаған»: Шымкентте әйел бірнеше адамнан 35,4 млн теңге алған

Шымкент соты бірнеше рет алаяқтық жасаған көпбалалы анаға үкім шығарды, деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.
Қаңтар айында әйел адам өзінің Instagram парақшасында тендерге қатысу арқылы инвестицияларға көмектесу туралы жалған жарнама жариялай бастады. Алайда ол ақшаны құмар ойындарға жұмсады. Оның әрекеті нәтижесінде жәбірленушілерге 35,4 млн теңгеге залал келтірген.
Сотталушы кінәсін мойындап, оған қатаң жаза тағайындамауды өтінді. Сот әйелдің жас балаларының болуын жеңілдететін жағдай, ал қылмыстың қайталануы ауырлататын жағдай деп таныды.
«Рақымшылық жасау туралы заңды қолдана отырып, жаза мерзімі үштен біріне қысқарды және 4 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі соңғы жаза тағайындалды. Сотталушыда 14 жасқа толмаған төрт баланың болуына байланысты жазаны орындау бес жылға кейінге қалдырылды», – деп түсіндірді сотта.
Азаматтық залалды өтеу туралы талап-арыздар толық көлемде қанағаттандырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.