Сенат ЛГБТ насихатына тыйым салатын заңды мақұлдады

Сенат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды екі оқылымда қарап, мақұлдады.
Заңда төмендегідей новеллалар қарастырылған:
- Ұлттық архив қоры мен тұжырымдамалық аппарат құрамын қазіргі кезеңнің, оның ішінде цифрландырудың шындықтарын ескере отырып кеңейту;
- ауылдық жерде жұмыс істейтін архив қызметкерлеріне қосымша ақы төлеудің заңдылығы;
- архивтерге «Ұлттық» мәртебесін беру арқылы архив саласының имиджін арттыру;
- өскелең ұрпақты дәстүрлі емес жыныстық қатынастар мен педофилияны насихаттаудан қорғау.
Түзетулер екі оқылымда да мақұлданды.
Қазақстанның мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов түзетулерді әзірлеудің барлық кезеңі ашық өткенін мәлім етті. Оның сөзінше, жұмыс тобы үкіметтік емес ұйымдармен және басқа да мүдделі тараптармен кездесулер өткізген.
Түзетулер тек ЛГБТ-ның жария түрде насихатталуына қатысты, деп нақтылады Қазақстанның әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова. Оның айтуынша, халықаралық құқық пікір білдіру бостандығын шектеуге жол береді, алайда мұндай шектеулердің негізі заңмен айқындалуы тиіс.
Мұның алында, ЕуроОдақпен келіссөздер басталғанда, Сенат ЛГБТ туралы заңды қараулы кейінге қалдырған болатын. Сол тұста Еуроодақтың арнайы өкілі Эдуардс Стипрайс ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы материал алаңдатып отырғанын айтты. Ол бұл заң жобасы БҰҰ мүшесі ретіндегі негізгі қағидаттарға қарсы келмеуі керек деген еді.