АҚШ грин-картаны ұтысқа салуды уақытша тоқтатты

АҚШ Грин-карта ұтысын уақытша тоқтатты. Бұл туралы елдің Ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм мәлімдеді.
Оның сөзінше, Брауновск университетіндегі атысты шығарған Клаудио Мануэль Невес Валенте АҚШ-қа 2017 жылы диверсификациялық визалық лотерея (DV1) бағдарламасы бойынша келген және грин-карта алған.
«Бұл жиіркенішті адамға біздің елге кіруге ешқашан рұқсат берілмеуі керек еді», – деп жазды министр X желісінде.
Ноэм 2017 жылы Нью-Йорктегі жан түршігерлік оқиғадан кейін DV1 бағдарламасымен келген ИГИЛ террорисі жүк көлігімен сегіз адамды қаққаннан соң, президент Трамптың бұл бағдарламаны тоқтату үшін күрескенін еске салды.
«Президент Трамптың нұсқауымен мен USCIS-ке (АҚШ-тың азаматтық және иммиграциялық қызметі) осы апатты бағдарламадан бұдан былай америкалықтар зардап шекпеуі үшін DV1 бағдарламасын дереу тоқтатуды тапсырамын», – деп хабарлады ол.
Грин-карта – АҚШ-та тұрақты тұруға және жұмыс істеуге заңды құқық беретін құжат (ресми атауы – Permanent Resident Card). Бұл Америкаға ресми түрде барудың ең тиімді жолы. Соңғы рет грин-карта нәтижелері осы жылы көктемде жарияланған еді.