Астанада жаңа жылдық шоу болмайды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
шоу в Астане
Астанада жаңа жылдық шоу болмайды / Фото: geoscan.ru/ бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев

19 желтоқсанда Астананың алты ауданында жаңа жылдық шыршалар жағылады. Алайда жоспарланған дрон-шоу ауа райының қолайсыздығына байланысты болмайды, деп хабарлайды елорда әкімдігі.

Қазгидромет ақпараты бойынша, Астанада қар, боран және жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деп күтілуде. Осыған байланысты мамандардың ұсынысы бойынша әрі көрермендердің қауіпсіздігін және жабдықтардық сақталуын қамтамасыз ету үшін дрондарды ұшыру уақытша тоқтатылды.

Бұл ретте қалған мерекелік іс-шаралар жоспар бойынша өтеді. Биыл елорданың жаңа жылдық бағдарламасы «Ертегі Fest» бірыңғай ертегі стилінде безендірілген.

Осыған дейін бір уақытта қаланың алты ауданында 40-тан астам шырша жағылатынын, қала аудандарындағы негізі мереке алаңдарын тізіп жазған едік.

Мерекелік алаңдарда Мұз айдындары, слайдтар, фотоаймақтар, сәндік инсталляциялар және концерттік аймақтар жұмыс істейтін болады.

Концерттік бағдарламалардың басталуы – 17:30.

Сондай-ақ оқыңыз