Қазақстан мен Жапония арасында 3,7 млрд долларға келісімге қол қойылды

Қазақстан мен Жапония тарапы 3,7 миллиард доллардан асатын 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойды. Бұл туралы Ақордадан хабарлайды.
«Орталық Азия – Жапония» форматындағы бизнес форумында екіжақты байланыстарды жандандырып, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруда қажетті уағдаластықтарға қол жеткізетінімізге сенімдімін.
«Сауда-экономикалық және инвестициялық байланысты жандандыруға баса мән беру қажет. Жапонияға сапарымның аясында 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойылды. Оның ішінде сомасы 3,7 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдер де бар», – деді Тоқаев.
Жапония – Қазақстан экономикасының негізгі инвесторларының бірі. Елімізге құйған қаржы көлемі 8,5 миллиард доллардан асты.
Тоқаевтың сөзінше, екі ел арасындағы сауда көлемі шамамен 2 миллиард долларға жетті. Қазақстан Жапония нарығына уран, сирек кездесетін металдар және мұнай жеткізеді.