Алматы мен Астанадағы тегін мұз айдындары

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: ашық дереккөзден

Қысқы маусымның келуімен Қазақстанның қос мегаполисінде мұз айдындары есігін айқара ашты. Әкімдік мәліметінше, тұрғындар мен қала қонақтары үшін тегін жұмыс істейтін орындар бар. Тек өзіңізбен бірге конькиді ала келу керек.

Астана қаласы бойынша:

  • «Қазақ Елі» алаңы (Пирамидаға қарама-қарсы);
  • Жұмысшы мамандықтар аллеясы (Жүргенов көшесі, №74 мектептің тұрағы);
  • Орталық саябақ;
  • «Ғашықтар» саябағы;
  • «Үркер» тұрғын алабы;
  • Қалалық алаң (Бейбітшілік көшесі, 11);
  • «Көктал» саябағы;
  • Бөгенбай батыр көшесі, 43 мекенжайындағы сквер.

Алматы қаласы бойынша:

Қала әкімдігінің мәліметінше, Алматыда тұрғындар мен қонақтар үшін келесі мекенжайларда ашық мұз айдындары қолжетімді:

  • Тұңғыш Президент саябағы;
  • Тұңғыш Президент қорының саябағы (Ганди көшесі);
  • Almaty Arena мұз сарайы;
  • Республика сарайы;
  • Halyk Arena мұз сарайы;
  • 28 панфиловшылар саябағы;
  • Наурызбай ауданы әкімдігінің аумағы;
  • «Авиатор» стадионы;
  • Kokjiek Garden саябағы;
  • «Гүлдер» саябағы;
  • ҚБТУ (КБТУ) тұрағының аумағы.

Бұл орындарда өз конькиіңізбен сырғанау — тегін. Ал егер конькиіңіз болмаса, жалдау нүктелері ақылы қызмет көрсетуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз