Сауд Арабиясының шөл даласына 30 жылда алғаш рет қар жауды

Сауд Арабиясының солтүстік-батысы мен орталығында соңғы 30 жылда алғаш рет қар жауды. Бұл туралы Kursiv.media Anadolu Ajansi агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ел тұрғындары үшін сирек кездесетін бұл табиғи құбылыс бірнеше өңірде тіркелген. Кейбір аймақтарда бұршақ пен қатты найзағайға байланысты ауа райының қауіпсіздік деңгейі «қызыл» және «қызғылт сары» болып жарияланды.
Елдің бірнеше өңірінде ауа температурасы нөлден төмен түсіп, жолдарда көктайғақ пайда болды. Эр-Риядтағы оқушылар қашықтан оқуға ауыстырылды.
Синоптиктердің болжамынша, елдің солтүстік аймақтарында қар жаууы әлі де жалғасуы мүмкін.
Айта кетейік, ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты төтенше жағдай қызметтері елорда тұрғындарына үндеу жасады. Синоптиктердің мәліметі бойынша, 21 желтоқсан түнде қалада ауа температурасы 25-27 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.