22 қыркүйекте түнде Алматы қаласында жер сілкінді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
жер сілкінісі Рихтер шкаласы
фото: shutterstock

2025 жылғы 22 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 02:16-да Қытай аумағында жер сілкінді. Оның әсері Алматы қаласында да сезілді. Бұл туралы Kursiv.Media Қазақ ұлттық деректер орталығы мәліметіне сүйене отырып хабарлады.

Ұлттық ядролық орталыққа қарасты Геофизика зерттеулер институты мәліметінше, жер сілкінісі Қытайдың Шыңжаң өлкесі Ақсу аумағы Ақши ауданында тіркелді. Жерасты дүмпуінің магнитудасы – 5 балл.

Дүмпу ошағынан шамамен 270 шақырым жерде орналасқан Алматы қаласында қуаты 2 балл болатын жер сілкінісі сезілді.

жер сілкінісі ошағы карта Қытай Қазақстан Қырғызстан
Дүмпу ошағы орналасқан жер / карта: Google map

Жерасты дүмпуіне ең жақын орналасқан ірі қалалар:

  • Ақсу қаласы (Қытай) – шамамен 100-110 шақырым;
  • Қаракөл қаласы (Қырғызстан) – шамамен 130 шақырым;
  • Алматы қаласы (Қазақстан) – солтүстік батыста шамамен 270 шақырым.

Қытайдың Ақши ауданы маңы Тянь-Шань тау жүйесінде орналасқан сейсмикалық белсенді аумақ. Мұнда жер сілкінісі жиі болып тұрады. Алматыға жақын болғандықтан, оның әсері Қазақстанда да сезіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Шыңжаңның дәл осы Ақши ауданында 2025 жылғы 4 желтоқсанда магнитудасы 5,8-6 балл деп бағаланған жер сілкінісі болған. Алматы қаласында 2-3 балл сезіліп, қалада дабыл іске қосылған.

Сондай-ақ оқыңыз