Түркиядағы депутаттар бюджет талқылау кезінде төбелесіп қалды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: Central Asia

Түркиядағы Бас ассамблеяда 2026 жылдың бюджетін талқылау кезінде депутаттар төбелесіп қалды. Бұл жайлы Haberler жазады.

CHP фракциясы төрағасының орынбасары Мұрат Эмир АК Party депутаты Мұстафа Варанкаға тиіскен. Оларға әріптестері көмекке келмек болып, соңынан жаппай төбелеске ұласып кетті.

Басқа депутаттар араласқаннан кейін ғана ерегіс басылды. Жайсыз жағдайға қарамастан 2026 жылға арналған бюджет жобасы және 2024 жылдың есебі бойынша құжат қабылданды.

Бұл – Түркия парламентіндегі бірінші төбелес емес. 2022 жылы дәл осылай бюджет талқылау кезінде депутаттар жаға ұстасып қалған. Ешкім ажырата алмаған соң парламент спикері отырысты тоқтатуға мәжбүр болған еді.

Сондай-ақ оқыңыз