Айлин мен Мұхаммед: 2025 жылы ең көп қойылған есімдер

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
SJ
фото: kursiv.media архиві

2025 жылы Қазақстанда сәбилерге қойылған ең танымал есімдер белгілі болды. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, биыл да ата-аналар дәстүр мен заманауи үрдісті ұштастыратын есімдерге басымдық берген.

Қыз балалар арасында

Ең көп қойылған есім – Айлин. Бұл есім 2025 жылы 5305 рет тіркелген. Алғашқы ондыққа енген өзге де танымал қыз есімдері мыналар:

  • Асылым – 4302
  • Медина – 3942
  • Айша – 3310
  • Томирис – 2957
  • Мәриям – 2608
  • Сафия – 2575
  • Аяла – 2456
  • Адия – 2371
  • Айым – 2266

Бұл тізімнен араб, түркі және қазақы мағынасы терең есімдерге сұраныс жоғары екенін байқауға болады.

Ұл балалар арасында

Ұлдарға қойылған есімдер ішінде Мұхаммед көш бастап тұр. Бұл есім 2537 балаға берілген. Танымал ондыққа кірген басқа есімдер:

  • Алихан – 2330
  • Айсұлтан – 2305
  • Омар – 2225
  • Алдияр – 2129
  • Алан – 2093
  • Мұхаммад – 2042
  • Әмір – 1926
  • Хамза – 1682
  • Али – 1562

Мамандардың айтуынша, ата-аналар баланың есімі қысқа, мағыналы әрі халықаралық ортада айтуға жеңіл болғанын қалайды.

Сондай-ақ оқыңыз