Алматыда жұртшылық Асанәлі Әшімовпен қоштасып жатыр (фото)

Жарияланды 23 Желтоқсан 2025 10:39

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General News бөлімінің тілшісі a.taubay@kursiv.media
Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

​​General news бөлімінің редакторы a.abitay@kursiv.media
Асанәлі Әшімовпен қоштасу / фото: Айгерім Таубай, Kursiv Media

23 желтоқсанда Алматыда Абай атындағы опера және балет театрында актер, режиссер, Қазақ КСР және КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр. Қаралы жиынға мәдениет саласының өкілдері, қоғам қайраткерлері, актердің шәкірттері мен әріптестері, қала тұрғындары келді.

фото: Айгерім Таубай, Kursiv.Media

Қоштасу рәсімінде мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды сөз сөйледі. Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Мереке Құлкенов, қырғыз жазушысы, ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев та еске алды.

Актерді ақтық сапарға шығарып салу үшін жиналған халықтың қарасы көп.

фото: Айгерім Таубай, Kursiv Media

Асанәлі Әшімовті Кеңсай-1 зиратына жерлейді. Қонақасы Royal Tulip мейрамханасында өтеді.

фото: Айгерім Таубай, Kursiv Media

Қазақ өнерінің саңлағы Асанәлі Әшімов 21 желтоқсанда тоқсанға қараған шағында өмірден өтті. Актердің дүниеден өтуіне байланысты Тоқаев отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Сондай-ақ оқыңыз