Ұлттық банктің жаңа талабынан кейін банктер миллиардтаған табыстан қағылды

Жарияланды 23 Желтоқсан 2025 12:08

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

​​General news бөлімінің редакторы a.abitay@kursiv.media
Банк секторы биыл несімен есте қалды
фото: ашық дереккөзден

МРТ (міндетті резервтік талап) бойынша талапты көтергеннен кейін, банктер осы жылдың тоғыз айында 100 млрд теңге табыстан қағылды. Қаржыгерлер қауымдастығы сараптау орталығының бас директоры Рамазан Досов осылай деп мәлімдеді. Бұл жайлы «Ручная экономика» телеграм арнасы жазады.

Экономистің сөзінше, МРТ талабын қатаңдатқаннан кейін, банк жүйесіндегі өтімділік құрылымы өзгерген.

Осыған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов МРТ бойынша талап енгізілгеннен кейін, сектордағы артық өтімділік 2-2,2 трлн теңгеге азайды деген еді. Жалпы «3,7 трлн артық өтімділік аламыз» деп жоспарлап отыр. Бұл Ұлттық банк саясаты үшін тиімді болғанмен, коммерциялық банктерді пайдасынан айырады.

«Банктер үшін бұл пайыздық табысты тікелей жоғалту дегенді білдіреді (қыркүйек-желтоқсан айларында 100 млрд теңгеден астам). Таза пайыздық маржаның тарылуы (жаңа талап енгізілген екі ай ішінде 7,04%-дан 6,94%-ға дейін төмендеді) және балансты басқару тиімділігінің төмендеді деген сөз. Іс жүзінде Міндетті резервтік талаптар (МРТ) банк жүйесіне салынатын «жасырын салық» рөлін атқарып отыр. Ол айналымдағы өтімділікті ешқандай өтемақысыз тартып алып, банктердің пайдасына және несие беру белсенділігіне қысымды күшейтеді», – дейді Рамазан Досов.

Минималды резервті талап (МРТ) – ақша-несие саясатындағы негізгі құралдардың бірі. Бұл талап бойынша, банк елдің бас банкінде жоғары өтімді актив түрінде міндеттемелерінің ең минималды үлесін сақтауы керек.

Минималды резерв талабына сәйкес, банк ешбір мақсатта пайдаланбайтын, артық тұратын қаражаттың бір бөлігін резервті талап ретінде жинап қояды. Ал қалғанын экономикаға артық қысым болмас үшін Ұлттық банк сатып алуға мәжбүр еді.

Сондай-ақ оқыңыз