Үкімет 2026 жылды мал шаруашылығын дамытуға арнайды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
сиыр мал шаруашылығы жайылым
фото: shutterstock

Премьер-министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, Үкімет 2026 жылды мал шаруашылығын дамытуға жұмсайды. Бұл туралы вице-премьер Астанадағы брифингте мәлімдеді.

Жұманғариннің айтуынша, осыған дейін билік егін шаруашылығын дамытуға басымдық беріп келді, енді мал шаруашылығына да айтарлықтай мән беретін кез келді. Үкіметтің мұндай шешім қабылдауына Қазақстанда биыл ет бағасының қатты қымбаттап кетуі себеп болған.

«2026 – ауыл шаруашылығын жан-жақты дамыту жылы. Екі жыл егін шаруашылығына көп қаражат құйдық. Енді дәл осындай жұмыстар ауыл шаруашылығында атқарылады», – дейді шенеунік.

Оның айтынша, үкімет осы саладағы шаруаларды қолдау үшін «Игілік» деп аталатын ауқымды бағдарламаны іске қосқалы отыр. Әсіресе, сүт пен етті көп беретін мал тұқымдарына баса мән беріледі.

Сонымен бірге Үкімет жем-шөп дайындау ісінде үлкен жобаны қолға алған.

«Биыл Түркістан облысында құрылысы аяқталып қалды. 50 мың бас малды асырайтын үлкен жем-шөп дайындау цехы, мал биржасын ашамыз. Ол Австралия технологиясымен жұмыс істейді», – деді вице-премьер.

Жұманғариннің айтуынша, әрі қарай Қазақстандағы мал шаруашылығын осы технология негізінде дамыту көзделіп отыр.

Бір күн бұрын Ауыл шаруашылығы министрлігі сиыр етін шетелге экспорттауды алты айға шектеу жөнінде бұйрық жобасын жариялаған.

Сондай-ақ оқыңыз