Украина соғысқа қарамастан, президент сайлауын өткізуге дайындалып жатыр

Украина парламенті – Рада соғыс жағдайында президент сайлауын өткізу туралы заң жобасын дайындай бастады.
УНИАН ақпаратына қарағанда, парламент спикері Стефанчуктың хабарлауынша, бұл құжат бір реттік болады және тек бір ғана сайлауға қолданылмақ.
Оның айтуынша, бірінші вице-спикер Корниенконың жетекшілігімен жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына парламенттегі барлық фракциялар мен топтардың өкілдері, азаматтық қоғам және Орталық сайлау комиссиясының мүшелері кіреді.
Жұмыс тобы негізгі мәселелерді пысықтайды. Атап айтқанда, әскери қызметшілердің дауыс беруі, шетелдегі украин азаматтарының сайлауға қатысуы, уақытша оккупацияланған аумақтарда дауыс беру ұйымдастыру, сондай-ақ шетелдік байқаушылардың қатысуы қарастырылады.
Мұның алдында Еуропа елдері Украинаға 90 млрд еуро көмек беруге келіскен болатын.