Қаржылық дауды шешу жеңілдейді: қаржы омбудсман қызметі іске қосылады

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: shutter stock

Қазақстанда қаржы омбудсманы қызметі іске қосылады. Оның мақсаты – тұтынушы мен қаржы ұйымы арасындағы дауды сотқа жеткізбей реттеу деп түсіндіреді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

Бұған дейін елде банк, сақтандыру және микроқаржы омбудсманы жұмыс істейтін. Қаржы омбудсманы сол екеуінің қызметін біріктіреді.

«Қаржы омбудсманы тұтынушылар мен қаржы ұйымдары арасындағы дауларды қарайды және қаржы ұйымдары орындауға міндетті шешімдер шығарады. Дау реттелмеген жағдайда, тұтынушыда сотқа жүгіну құқығы сақталады», – деп түсіндіреді ҚНРДА.

Қаржы омбудсманынан қандай жағдайда көмек сұрай аласыз

Ақшалай талаптар (Мүліктік даулар)

Егер банк, микроқаржы (МҚҰ), сақтандыру компаниясы немесе брокерлік ұйым сіздің ақшаңызға қатысты құқығыңызды бұзса (артық ақша алса, төлемді дұрыс есептемесе), сотқа дейін осы мәселені реттеуге міндеттісіз. Тіпті қарызыңызды коллекторларға сатып жіберсе де, оларға қарсы шағымды осы жерде айта аласыз.

Несие шартын өзгерту (Қарызды қайтара алмай қалсаңыз)

Егер сіз банкке немесе МҚҰ-ға барып: «Қиналып жүрмін, несие уақытын ұзартып беріңіз немесе пайызын төмендетіңіз» деп өтініш жазсаңыз, ал олар:

  • Сұрауыңызды орындаудан бас тартса;
  • Немесе екі жаққа да тиімді шешім табылмаса; … онда Омбудсман іске кіріседі. Ол сіз бен банктің арасына делдал болып, ортақ мәмілеге келуге көмектеседі.

Сақтандыру даулары

Бұл жерде екі түрлі жағдай бар:

  • Адам мен компания арасында: Мысалы, көлігіңіз бұзылып, сақтандыру компаниясы ақшаны аз төлесе немесе мүлдем төлемей қойса.
  • Екі компания арасында: Сақтандыру ұйымдары өзара келісе алмай жатса.

Омбудсманға тек қарапайым адамдар ғана емес, сонымен қатар шағын бизнес иелері де жүгіне алады. Сондай-ақ сақтандыру компаниялары бір-бірімен келісе алмаса, олар да осы маманның көмегіне жүгінеді.

«Бірыңғай қызмет» болғанымен, барлық жұмысты бір адам ғана атқармайды. Егер арыз-шағымдар тым көп болса немесе мәселе күрделі болса, арнайы Кеңес (мемлекеттік Агенттікпен келісе отырып) қосымша бірнеше омбудсманды жұмысқа тағайындай алады.

Еске салайық, былтыр микроқаржы омбудсманы институты  жұмысын бастаған.

Сондай-ақ оқыңыз