Алатау қаласының сәулетімен Заха Хадид компаниясы айналысуы мүмкін

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: Үкімет сайтынан

Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев Алатау қаласының жаңа архитектуралық тұжырымдамасымен танысты. Жобаны әлемдік сәулет өнерінің алпауыттары  Zaha Hadid Architects және Skidmore, Owings & Merrill (SOM) компаниялары ұсынды.

Әлемдегі ең танымал әйел-сәулетші Заха Хадид негізін қалаған бюро Алатау қаласына өзінің бірегей футуристік стилін әкелмек. Бұл компания Бейжіңдегі Leeza SOHO секілді ғажайып ғимараттармен танымал. Ал екінші серіктес SOM бюросы әлемдегі ең биік ғимарат Burj Khalifa-ның авторы ретінде белгілі.

Жаңа жобаның басты ерекшеліктері:

  • Iconic Building: Қаланың басты символына айналатын, сәулеті ерекше «эталонды» ғимарат бой көтереді.
  • Тік бағыттағы қала: Alatau City халықаралық стандарттарға сай, аса биік зәулім ғимараттар қаласы ретінде дамиды.
  • Дизайн-код: Қаланың әрбір көшесі мен нысаны бірыңғай, заманауи стильде болады.
  • Ыңғайлы орта: Тек биік ғимараттар емес, халық демалатын қоғамдық кеңістіктер, жасыл аймақтар мен заманауи көлік магистральдарына басымдық беріледі.

Қанат Бозымбаев шетелдік сәулетшілердің идеяларын жоғары бағалап, бұл ынтымақтастық Алатау қаласын Орталық Азиядағы ең заманауи хабқа айналдыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Alatau Smart City қаласының құрылысына корей компаниясы да қатысады. Осы жылы желтоқсанда екі тарап меморандумға қол қойған.

Сондай-ақ оқыңыз