Шыршаны төңкеріп кеткен жүргізуші ұсталды (видео)

Жарияланды
Шыршаны төңкеріп кеткен жүргізуші ұсталды / Фото: kursiv.media, Дилара Иса

Бүгін әлеуметтік желіде Түркістан облысы Сарыағаш қаласының орталық алаңындағы шыршаны екі айналып соғып, төңкеріп кеткен көлік жүргізушісінің әрекеті қызу талқыға түсті.

Облыс әкімдігінің дерегінше, шырша 19 желтоқсан күні Сарыағаш қаласы әкімдігіне қарасты «Таза қала» мекемесі орнатқан. Оқиға 23 желтоқсанға қараған түні болған.

«Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласының орталық алаңында орнатылған жаңа жылдық шыршаның бүліну дерегі бойынша аудандық полиция басқармасы тарапынан тиісті шаралар қабылданды. Оқиғаның мән-жайы жан-жақты анықталып, құқық бұзушылыққа қатысы бар автокөлік табылып, арнайы айып тұрағына жеткізілді. Кінәлі тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды», – делінген әкімдік хабарламасында.

Ресми мәлімет бойынша, қазір орталық алаңдағы жаңа жылдық шыршаны қайта орнату жұмыстары жүріп жатыр. Жаңа жыл мерекесіне жоспарланған барлық мерекелік шаралар белгіленген уақытта өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз