Батыстағы екі өңірде автожол қозғалыс шектелді

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Ауа райы жол қозғалысы ҚазАвтожол
Екі өңірде автожол қозғалыс шектелді / Фото: Shuttertock

Ауа райының нашарлауына байланысты Қазақстан бойынша автожолдардың бірнеше учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізіледі, деп хабарлайды «Қазавтожол«.

2025 жылғы 23 желтоқсанда сағат 21:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты Республикалық маңызы бар автожолдарда автокөліктің жүк және қоғамдық түрі үшін қозғалысты шектеу енгізіледі:

Батыс Қазақстан облысы:

Ақтөбе — Орал — Ресей шекарасы 393-526 км. (Жымпиты кенті – Ақтөбе облысының шекарасы).

Ақтөбе облысы:

Ақтөбе — Орал — Ресей шекарасы 526-702 км. (Батыс Қазақстан облысы шекарасы — Маржанбұлақ кенті).

Жолдың ашылуының болжамды уақыты – 2025 жылғы 24 желтоқсан сағат 08:00 деп белгіленген.

Сондай-ақ оқыңыз