Алматының бір бөлігі жарықсыз қалады

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Алматының бір бөлігі жарықсыз қалады / Фото: Shutterstock

22-26 желтоқсан аралығында Алматыда электр беру желілерінде жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетін болады. Осыған байланысты қаланың жекелеген аудандарында электр энергиясын қысқа мерзімге өшіру мүмкін, деп хабарлады «Алатау Жарық компаниясы».

«Аталған аумақтарда электр қуатын ажырату мүмкіндігі бар, бірақ міндетті емес қалалық және облыстық ЭБЖ нақты учаскелерінде жоспарлы жөндеу жұмыстарының кестесі апта сайын жарияланатыны туралы хабарлаймыз. Үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету және оның сапасын жақсарту үшін жүргізілген осы жұмыстар кезінде объектілерді тоқтан ажырату, егер белгілі бір учаскенің тұтынушыларын басқа электрмен жабдықтау көзіне ауыстыру мүмкіндігі болмаса, ерекше жағдайларда ғана қысқа мерзімде жүргізіледі», – деп түсіндірді компания.

Электр желілеріндегі жоспарлы жұмыстар сымдарды бөгде заттардан тазартуды, сондай-ақ, оларды ішінара ауыстыруды қамтиды. Энергетиктердің ақпараты бойынша мұндай жұмыстарды бригадалар 1,5-2 сағаттан аспайтын мерзімде орындайды.

Сондай-ақ оқыңыз