Қазақстан 2026 жылы бюджет тапшылығын жабу үшін 1,9 млрд долларға облигация шығармақ

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Қазақстан әлем нарығына 2,5 млрд долларға еурооблигация орналастырды / коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Қазақстан бюджет тапшылығын жабу үшін / коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстан 2026 жылы да халықаралық қаржы нарықтарына шығуды жоспарлап отыр. Қаңтар–ақпан айларында Қытай нарығына 300–400 млн АҚШ доллары көлемінде панда-облигациялар, ал жаз мезгілінде Еуропа нарығына шамамен 1,5 млрд АҚШ доллары көлемінде долларлық еурооблигация орналастыру көзделіп отыр.

Алдымен қаңтар–ақпан айларында Қазақстан Қытайдың қаржы нарығында панда-облигациялар орналастыруды жоспарлап отыр. Бұл – юаньмен номинирленген және Қытай ішкі нарығында сатылатын борыштық бағалы қағаздар.

Қаржы министрі Мәди Такиевтің айтуынша, шығарылатын бағалы қағаз көлемі 300-400 млн АҚШ долларының баламасына тең. Осылайша, Қазақстан Қытай инвесторларының капиталын тарту арқылы қарыз портфелін әртараптандыруға ниетті.

Министрдің түсіндіруінше, панда-облигациялардан түсетін қаражат тікелей республикалық бюджет тапшылығын жабуға бағытталады.

Сонымен қатар, Қаржы министрлігі 2026 жылдың жаз айларында еурооблигация шығаруды да жоспарлап отыр. Көлемі – 1,5 млрд АҚШ доллары. Министрдің айтуынша, еурооблигациялар да жаз мезгілінде шығарылып, халықаралық инвесторларға ұсынылады.

Еурооблигациялардан тартылатын қаражат та республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыруға жұмсалады.

Былтыр Қазақстан халықаралық нарықтан 1,5 млрд доллар қарыз алған.

Сондай-ақ оқыңыз