Қытай Қазақстанның Бразилиядағы тау-кен компаниясын сатып алуға ниетті

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Қытай компаниясын Брразилиядағы активті сатып алуы мүмкін / Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қытай Қазақстанның Бразилиядағы тау-кен компаниясын сатып алуға ниетті. Бұл туралы бразилиялық Valor International басылымы өз дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Басылым қытайлық China Communications Construction Company (CCCC) еншілес Mota-Engil компаниясы арқылы Bamin тау-кен компаниясын сатып алу жөнінде келіссөз жүргізіп жатқаныны жазады.

Bamin компаниясы қазақстандық Eurasian Resources Group (ERG) холдингіне тиесілі. Компания Баия штатында Батыс-Шығыс интеграциялық темір жолының (Fiol) бір учаскесін концессияға алған. Тау-кен жұмысын жүргізеді және Илхеус қаласында жаңа порт салуды жоспарлап отыр.

Жобаның жалпы құны 30 миллиард реалдан асады. Bamin бұған дейін бірнеше компаниямен келісімдер жасаса да, құрылыс әлі басталған жоқ..

Жоба іске асса, Баиядағы темір жол және порт инфрақұрылымы дамып, экспорттық тасымал тиімді боламақ.

ERG компаниялар тобын Әлижан Ибрагимов, Патох Шодиев және Александр Машкевичтер құрған. Қазір осы үш негізін қалаушы отбасының әрқайсысы ERG-де шамамен 20% акциясын иеленеді. Қалған 40% акция Қазақстан үкіметіне тиесілі. Бірқатара БАҚ топ акционерлерінің құрамы өзгеруі мүмкін екенін жазған.

Сондай-ақ оқыңыз