Роза Рымбаеваның әйгілі әні жаңа телехикаяда орындалды

Жезтаңдай әнші Роза Рымбаеваның танымал әні қазақстандық телехикаяда шырқалды.
MŪNAI телехикаясы ел арасында көп талқыланып отыр. Оның жетінші бөлімінде Роза Рымбаеваның аңызға айналған «Жездеке» әні шырқалды. Бұл туынды тойларда жиі айтылып келеді. 80-жылдардың соңында хит болды. Ән отбасы құндылығы, сыйластық пен ұрпақтарды біріктіретін жылулықты еске салды.
«Жездеке» – жай ғана көңілді ән емес. Ол отбасының жылуы мен тоқсаныншы жылдардағы шынайылық туралы әуен. Бұл ән әртүрлі буынды біріктіреді. Сондықтан да уақытпен бірге өмір сүріп келеді», – деді Роза Рымбаева.
MŪNAI телехикасында орындалған «Жездеке» өткен мен бүгінді жалғаған музыкалық көпірге айналып отыр.
Айта кететін жайт, Роза Рымбаева мұның алдында халықты елең еткізер жаңалығын бөліскен еді.