Президент Астана мен Токионы салыстырды
Жарияланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы дамыту жөніндегі кеңесте экология мәселесін көтерді.
«Экология, тұрмыс-тіршіліктегі тазалық болмысымыздың бір бөлігіне айналуға тиіс. Жалпы Азияның бірқатар қаласында қалдықтарды жоюдың экономикаға негізделген тәсілдері қолданылады. Шынында да қоқыспен күресу керек.
Токиода 14 миллион адам тұрады. Азғантай аумақта осыншама халық өмір сүріп жатса да, ондағы тазалық пен тәртіп өте жоғары деңгейде», – деді президент.
Тоқаев қазақстандықтарға жапондардың үйренуден жалықпайтын менталитеті қажет екенін жеткізді.
Айта кетейік, Астанадағы қоқыс полигондары 98 пайыз толып тұр.