Дрондар шабуылы салдарынан қазақ мұнайын экспорттау өте қатты түсіп кетті

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Қарашығанақ Карачыганак мұнай газ кен орны
Қарашығанақ кен орны / фото: REUTERS

2025 жылғы желтоқсанда мұнай экспортының көрсеткіші 14 ай бұрынғы деңгейге дейін түсіп кетті. Себебі Каспий құбыр консорциуы (КҚК) терминалында танкерлерге мұнай айдау құрылғысын жөндеу ауа райының қолайсыздығына байланысты өте баяу жүріп жатыр. Бұл туралы Reuters нарықтағы екі дереккөз мәліметіне сүйене отырып хабарлады.

Кейінгі бірнеше айда Мәскеу табысын мейлінше қысқартуға тырысқан Украина Ресейдегі энергетика инфрақұрылымдарын қайта-қайта атқылады. Соның салдарынан Ресейдің ғана емес, Қазақстанның да мұнай сату жүйесіне нұқсан келді.

Reuters дереккөздерінің мәліметінше, қазақ мұнай бір тәулікте экспорттау көлемі 1,7 млн баррельден 1,114 млн баррельге дейін кеміді. Сөйтіп 2024 жылғы қазандағы деңгейге қайта түсті.

2025 жылғы 29 қарашада украин дрондары Ресейдің Қара теңіз жағасындағы Новороссийск портын атқылады. КҚК терминалына жасалған соққы салдарынан танкерлерге мұнай тиейтін үш құрылғының бірі қатты зақымданды. Қазір оның біреуі ғана жұмыс істеп тұр. Қалған екеуін жөндеу қолайсыз ауа райына байланысты тым баяу жүріп жатыр. Онсыз экспортты күшейту мүмкін емес.

КҚК терминалы Chevron, Exxon Mobil, Eni және Shell секілді ірі гиганттардың Қазақстанда өндірген мұнайын экспорттайды.

Kpler сараптама компаниясының мәліметінше, 1-23 желтоқсан аралығында КҚК шамамен 3,28 млн тонна, яғни 26 млн баррель шикізатты 26 партиямен жөнелткен.

Мұнай экспорттаушылар терминалдағы құрылғының іске қосылуын желтоқсанның басынан бері күтіп отыр. Соған байланысты жүк экспорттау жоспарына қайта-қайта өзгеріс енгізуге мәжбүр, деп жазды Reuters.

Бұған дейін Қазақстан үкімет өз ақшасына Біріккен Араб Әмірліктерінен екі мұнай айдайтын құрылғы сатып алғанын мәлімдеді. Қымбат құрылғыларды Қара теңіздегі портқа 2026 жылғы ақпанда жеткізуі мүмкін. Үкімет шығын санап отыр. Бұған қоса, Астана қазақ мұнайын экспорттайтын балама бағыттар іздеуге көшті. Өйткені Қазақстанда өндірілетін мұнайдың 80%-ы КҚК арқылы Батысқа экспортталады.

Сондай-ақ оқыңыз