Эпштейн құжаттары; Трамп зорлық жасады деген күдік бар

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Джеффри Эпштейн / фото: Axios

АҚШ билігі педофилия үшін сотталған америкалық миллионер Джеффри Эпштейннің ісіне қатысты құжаттардың тағы бір топтамасын жариялады. Олардың ішіне АҚШ президенті Трампты зорлық жасады деп айыптаған іс қағаздар да бар. Құжат АҚШ Әділет министрлігінің сайтында жарияланды.

Ондағы мәліметте 1995 жылы Трампты әуежайға апарған лимузин жүргізушісінің сөзі жазылған. Оның айтуынша, Трамп әлдекіммен телефонмен сөйлесіп, бірнеше рет Джеффридің есімін айтады. Әңгіме арасында «бір қызды қорлау жайлы» айтқан тұсы да бар.

Одан бөлек тағы бір анонимді әйелдің әңгімесі жарияланған. Ол Трамп пен Джеффри Эпштейн зорлағанын айтады. Бірақ өмірі үшін қорыққандықтан полицияға арыз бермеген.

2025 жылдың желтоқсанында АҚШ Әділет министрлігі «Эпштейн файлдарының ашықтығы туралы акт» аясында мыңдаған құжат (шамамен 30 000 бет) жариялады. Архивте Дональд Трамптың 1990-жылдары Эпштейннің жеке ұшағымен кемінде 8 рет ұшқаны туралы электронды хаттар бар.

Эпштейн құжаттарының маңызы

2008 жыл Эпштейн жезөкшелік ұйымдастырғаны үшін, ал 2019 жылы шілдеде Ол кәмелетке толмағандарды саудалау айыбымен қайтадан қамауға алынды. Сол жылы тамызда ол өзіне қол салып, түрмеде қайтыс болды.

АҚШ Конгресі қабылдаған арнайы заң бойынша, Эпштейн ісіне қатысты барлық материалдар 19 желтоқсанғадейін көпшілікке жариялануы тиіс.  Заң бойынша билік барлық мәліметті ашуға міндетті, бірақ екі маңызды жағдайды ескеруі керек:

  • Құрбандарды қорғау: Эпштейннің іс-әрекетінен зардап шеккендердің жеке басының құпиялылығын сақтау.
  • Тергеу мүддесі: Егер қандай да бір ақпарат жүріп жатқан басқа қылмыстық істерге кедергі келтіретін болса, ол жарияланбайды.

Құжаттар ішінде көптеген танымал тұлғалар, шоу-бизнес өкілдері мен саясаткерлердің аты аталған. Ал кейбір суреттерде АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон, ағылшын ханзадасы Эндрю, музыкант Майкл Джексон мен Мик Джагерр де бар.

Құжатқа қазақстандықтардың да қатысы бар. Архивтегі іс-қағаздың бірінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев арасындағы шиеленіс жазылған. Әлиев қайын атасымен күресте АҚШ-тың қолдауына ие болуға тырысқан көрінеді. Тіпті саяси баспана алуға да ниеттенген.

Сондай-ақ оқыңыз