Қарт әкесін ұрып-соққан түркістандыққа екі бап бойынша айып тағылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ер адам 10 жылға дейінгі мерзімге сотталуы мүмкін/фото:shutterstock

Түркістан облысы Шардара ауданында қартайған мүгедек әкесін аяусыз соққыға жыққан ер адам 10 жылға дейінгі мерзімге сотталуы мүмкін. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

40 жастағы ер адам әйелімен бірге қарт әкесін ұрып-соққан, аулада сүйреген. Болған оқиғаны көршілері видеоға түсіріп алған. Олар қария дүниеден өткеннен кейін ғана полицияға жүгініп, видеоларды жариялаған.

Қылмыстық іс бойынша үш айға созылған тергеу аяқталды. Тергеу кезінде қарияның неден қайтыс болғанын анықтау үшін мәйітіне эксгумация жасалды.

Ер адамға қылмыстық кодекстің екі бабы – дәрменсіз адамды қинау және денсаулыққа қасақана зиян келтіру бойынша айып тағылды.

Бірінші бап бойынша ең ауыр жаза – 7 жылға бас бостандығынан айыру. Ал екінші бап бойынша 10 жылға дейінгі мерзімге соттау қарастырылған.  

Бұған дейін ер адамның қамауға алынғаны хабарланды.

Сондай-ақ оқыңыз