Түрмеден қашып шығып, тағы да бала зорлаған қылмыскер 18 жылға сотталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Сот оны аса қауіпті рецидивист деп таныды /фото: shutterstock
Сот оны аса қауіпті рецидивист деп таныды /фото: shutterstock

Қазан айында Өзбекстанда түрмеден қашып, 9 жастағы баланы зорлаған сотталушы тағы да 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

Gazeta ақпаратына қарағанда, Ахангаран соты оны аса қауіпті рецидивист деп таныды. Ер адам 2018 жылдан бері де балаға қатысты зорлау қылмысы үшін жазасын өтеп келген.

Жазаның алғашқы екі жылын түрмеде өткізеді. Қалған мерзімін ерекше режимдегі колонияда өтейді.

Турсынов 2018 жылы кәмелетке толмағанды зорлағаны үшін 16 жылға сотталған. Ол 2017 жылдың қарашасында ұсталған.

2024 жылдың тамызында Нишан аудандық қылмыстық істер жөніндегі сот жазаны жеңілдетіп, сотталғанды колония-қонысқа ауыстыру туралы шешім шығарған. Бұл ретте Қылмыстық-атқару кодексінің 113-бабы қолданылған. Аталған бап түзелу жолына түскен және жазаның кемінде үштен бірін өтеген сотталғандарды колония-қонысқа ауыстыруға мүмкіндік береді.

Ал Түркістан облысында 6 жасар қызды зорлаған оқушы сотталды.

Сондай-ақ оқыңыз