Тоқаев әкімдердің жұмысындағы олқылықты атады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Тоқаев барлық өңірде инклюзивті спорт орталығын салуды тапсырды/фото: shutterstock

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдердің жұмысындағы олқылықты атады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Мемлекет ерекше күтімді қажет ететін балалар мәселесіне айрықша мән береді. Кеше мен Астанадағы инклюзивті спорт орталығында болдым. Сондай орталықтарды еліміз бойынша басқа аймақтарда салу қажет деп санаймын. Үкіметке әкімдермен бірлесіп, бұл мәселені жан-жақты пысықтап, шұғыл шаралар қабылдауды тапсырамын», – деді Тоқаев.

Президент мұндай нысандардың тек елордада ғана емес, әрбір облыста ашылғаны дұрыс екенін айтты.

«Мұны әкімдердің жұмысындағы олқылық деп айтуға болады. Біз әлеуметтік мемлекетпіз. Сондықтан әлеуметтік міндеттемелерді орындау әрдайым еліміздің айрықша назарында тұратын мәселе. Биыл зейнетақы және жәрдемақы төлеуге 5,9 триллион теңге бөлінді. Келесі жылы бұл көрсеткіш тағы 10 пайызға өседі», – деді президент Жамбыл жұртымен кездесуде.

Осылайша барлық өңірде инклюзивті спорт орталығын салу туралы тапсырма берді.

Сондай-ақ оқыңыз