Көлік министрлігі Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL ұшағы жайлы ақпарат таратты

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Сараптамалар әлі жасалынып жатыр / фото: Kursiv.Media мұрағаты
Көлік министрлігі Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL ұшағы жайлы ақпарат таратты / фото: Kursiv.Media мұрағаты

Ақтау маңындағы әзербайжандық AZAL ұшағының апатқа ұшырағанына жыл толуына орай Қазақстанның Көлік министрлігі осы уақытқа дейін белгілі болған тергеу қорытындысын жария етті.

«Анықталған бөгде металл заттарға (сыртқы объектілер) кешенді (трасологиялық, баллистикалық, жарылыс-техникалық және өрт) сараптама жүргізілді. Сараптама нәтижелері бойынша жарылғыш заттардың іздері табылған жоқ. Зерттеуге ұсынылған үш оттегі баллонында жарылыс іздері жоқ. Әуе кемесінің зақымдануы болжам бойынша оқ-дәрі бөлігінің зақымдаушы элементтерінен әсерінен болуы мүмкін, алайда олардың нақты тиесілігін анықтау мүмкін болмады», – делінген хабарламада.

Яғни қазір жария болған тергеу мәліметтеріне сәйкес, ұшақтан жарылыс баллонының іздері табылмаған. Зерттеу нәтижелері бойынша №2 гидравликалық жүйенің түтігінде зақым бар екендігі анықталған. Зақым қатты заттардың жанасуы нәтижесінде металдың жыртылуынан пайда болған.

Қосымша зерттеу жүргізілу үшін қазір АҚШ-тың «Delkin Devices Inc» компаниясында сараптама жасау бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 25 желтоқсанында Бакуден Грозныйға ұшқан ұшақ Ақтаудан бірнеше шақырым жерде құлаған болатын. Бортта Әзербайжан, Ресей, Қырғызстан және Қазақстаннан 62 жолаушы, сондай-ақ, экипаждың бес мүшесі болған. 38 адам қаза тапты, оның ішінде алты қазақстандық. Екі стюардессаны қосқанда 29 адам аман қалды.

19 қазанда Embraer 190 ұшағының тағы бір жолаушысы қайтыс болғаны белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыз