Үш облыста жолдарға шектеу қойылды

26 желтоқсанда 3 облыста республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу қойылған.
«ҚазАвтоЖол» ақпаратына қарағанда, бұған ауа райының бұзылуы түрткі болып отыр.
Абай облысында «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автомобиль жолының 971-1013 шақырым аралығы, яғни Қалбатау ауылынан ШҚО шекарасына дейін жабық.
Шығыс Қазақстан облысында аталған жолдың 1013-1062 шақырым аралығы, яғни Абай облысының шекарасынан Рубеж бекетіне дейін шектеу бар.
Жетісу облысында «Үшарал – Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығы – Көктұма ауылынан Достық станциясына дейін шектеу қойылған.
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 626 бірлік арнайы техника жұмылдырылып отыр.
Мұның алдында Қызылорда облысында ауа райына байланысты жол жабылған еді.