Қырғыз азаматы 2 мың қорап темекіні атқа артып, қазақ шекарасынан өткізбек болды

Қырғызстан азаматы «ORIS» маркалы 2 мың қорап темекіні атқа артып, қазақ-қырғыз шекарасынан заңсыз өткізбек болған. Бұл туралы Kursiv.Media Жамбыл соттары таратқан мәліметке сүйене отырып хабарлады.
Оқиға 2025 жылғы қараша айында болған. Салт атты қырғыз азаматын түнде Жуалы ауданы шекара қызметінің өкілдері ұсталған.
Жуалы аудандық соты С. есімді қырғыз азаматына қатысты екі әкімшілік істі қарады. Оның бірі «акцизделген тауарды заңсыз сату», екіншісі «шекараны бұзу» оқиғасы бойынша ашылған.
«Сот отырысында құқық бұзушы өкініп, кінәсін толық мойындады», – деп таратты Жамбыл облысының соттары.
Сот шешімімен, қырғыз азаматына тиесілі жылқы, сонымен бірге темекі өнімі мемлекет кірісіне тәркіленді. Заң бұзушыға 137 мың теңге айыппұл салынды. Сот шешімі заңды күшіне енді.
Қазақстанда темекі қымбат, ал Қырғызстанда әлдеқайда арзан. Соған байланысты қазақ-қырғыз шекарасынан темекіні заңсыз өткізгісі келетіндер жиі ұсталады.
Бұған дейін Kursiv.Media 2026 жылдан бастап темекі күрт қымбаттайтыны туралы жазған.