Халық қолда бар рубльді сатып жатыр

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Халықтың долларға деген сұранысы артты / Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстандықтар қолда бар рубльдерін сатып жатыр. Қазан айында айырбастау пунктерінде 32 млрд теңгеге тең рубльді айырбастаса, қараша айында бұл көрсеткіш 18,5 млрд теңгені құраған.

Республика бойынша доллар сатып алу көлемі қазанмен салыстырғанда өсіп, 234,7 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш Алматы мен Шымкентте ерекше байқалды: Алматыда долларға деген сұраныс 103,1 млрд теңгеге дейін өскен, ал Шымкентте 36,6 млрд теңгеге жетті.

Дегенмен Астана мен кейбір облыстарда доллар сатып алу азайды. Мысалы, Астанада 26,3 млрд теңгеден 16,8 млрд теңгеге түсті.

Еуроға да сұраныс аздап өсті. Республика бойынша еуро айырбастау операциялары 14,2 млрд теңгеге жеткен, әсіресе, Астанада еуро сатып алу 2,6 млрд теңгеден 3,6 млрд теңгеге өсті. Алматы мен басқа өңірлерде еуро сұранысы салыстырмалы түрде тұрақты.

Қазан айында халықтың доллар мен рубльге деген сұранысы азайған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз