Премьер-министрдің жаңа жылдық биі желіні шулатты (видео)

Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян тағы да көпшілік назарын аударды. Бұл жолы биліктегі «Азаматтық келісім» партиясының іс-шарасында ерекше қылығымен көзге түсті. Бастапқыда саяси жиын ретінде жоспарланған басқосу біртіндеп жаңа жылдық кешке ұласты.
Пашинян әлеуметтік желіде барабанда ойнап отырған видеосын жариялады. Кейінірек экономика министрі Геворг Папоян журналистерге берген сұхбатында соқпалы аспап Пашинянға сыйлыққа берілгенін және премьер-министр бірнеше ай бойы ойнауды үйренгенін айтты.
Армения басшысы тағы бір видео жариялап, бұл жолы би билеп, ән айтып тұрған сәттерін бөлісті. Кадрларда партияластарымен бірге музыка ырғағымен секіріп, «Қайда барсаң да, мен сенімен бірге барамын. Шақырсаң болды, соңынан еріп кетемін» деген қайырмасын хормен орындап тұр.
Еске сала кетейік, Никол Пашинян Қазақстанға келген сапарында әнші Bayan Suly-дың Aua rai әнімен видео жариялаған еді.