Президент «Бірлігіміз – әралуандықта» тұжырымдамасын бекітті

Президент Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз – әралуандықта» тұжырымдамасын бекітті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Тұжырымдама Қазақстан халқы Ассамблеясын одан әрі дамытуды көздейді. Құжатта қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету мақсатында елді ұйыстыруға бағытталған жаңа қағидаттар мен тәсілдер қарастырылған», – делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылдың наурызында мемлекет басшысының жарлығымен құрылды. Ассамблея құрамында 583 адам бар.
Бұған дейін президент тапсырмасы бойынша «Ақсақалдар кеңесі» құрылды. Барлық өңірде 1119 ақсақалдар кеңесі құрылып, оның құрамына этномәдени, ардагерлер бірлестіктері және басқа да қоғамдық ұйымдар қатарынан 7 мыңнан аса адам кірді.