Бауыржан Момышұлы ауылында батырға ескерткіш ашылды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Бауыржан Момышұлы ескерткіш тақта
фото: gov.kz

Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы туған ауылда ескерткіш тақта ашылды. Бұл туралы Қорғаныс министрілігі хабарлады.

Жамбыл облысы Жуалы ауданына қарасты Б. Момышұлы ауылында өткен салтанатты іс-шараға Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қатысты. Тараз гарнизонының тау қорықшылары жеке полкі осы ауылда орналасқан.

Мемориалды тақтаны көруге полк басшылығы, жеке құрамы, ауыл тұрғындары мен ардагерлер жиналды. Ескерткіш Момышұлының туғаны 115 жыл толуына орай ашылды.

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов
фото: gov.kz

Министр оған ең жоғары атақтың берілуі – халықтың батыр ерлігіне деген зор құрметінің айқын көрінісі деп сипаттады.

Естеріңізге сала кетсек, 2025 жылғы 25 желтоқсанында Бауыржан Момышұлына Халық қаһарманы атағы беріліп, ерекше айырым белгісі – Алтын Жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылған.

Сондай-ақ оқыңыз