Жүргізушілер қар тазалайтын техникаға неге жол беруі керек

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Арнайы техниканың қауіпсіз жұмыс істеуі үшін жеткілікті кеңістік қажет / фото: ҚазАвтоЖол
Арнайы техниканың қауіпсіз жұмыс істеуі үшін жеткілікті кеңістік қажет / фото: ҚазАвтоЖол

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша қысқа арналған ескерту жасады.

Компанияның мәліметінше, жүргізушілер қар тазалайтын техникаға міндетті түрде жол беруі керек.

«Алдағы күндері қар жаууына байланысты жүргізушілерге автожолдарда қар тазалайтын арнайы техникамен кездескен кезде қауіпсіздік шараларын сақтауды еске саламыз», – деп хабарлады ұлттық компания.

Өйткені, қар тазалайтын машиналар жол жамылғысын тазалау кезінде, әдетте, шамамен 50–55 км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Сондықтан арнайы техниканың қауіпсіз жұмыс істеуі үшін жеткілікті кеңістік қажет.

«Қар тазалайтын көлікке жақындамауды және кемінде 100 метр қашықтықты сақтауды сұраймыз», – деп хабарлады «ҚазАвтоЖол».

Компания қар тазалайтын техниканы басып озбауға шақырып отыр. Себебі, қар ұшқыны мен көрінудің нашарлауы жол-көлік оқиғаларының қаупін арттырады.

Мұның алдында ұлттық компания Алматы облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Байсейіт – Көкпек – Шонжы – Көктал» автожолының бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылғанын хабарлаған еді. 

Сондай-ақ оқыңыз