Қазақстан Қытаймен тағы бір стратегиялық жоба құрылысына келісті

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы қытайдың CITIC Construction компаниясымен батыстағы Қарашығанақ газ өңдеу зауытын салу бойынша ынтымақтастықты нығайтуға келісті, деп хабарлады ҚМГ баспасөз қызметі.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Қытайдың «CITIC Construction Co., Ltd» компаниясы арасында Қарашығанақ газ өңдеу зауытын салу бойынша ынтымақтастықтың базалық қағидаттары туралы келісімге қол қойылды», – делінген хабарламада.
Ақпаратқа сүйенсек, құжатта зауыт жобасын іске асыру негіздері, оның ішінде құнын бағалау, жабдықтар жиынтығы және ынтымақтастық бағыттары айқындалған. Енді екі компания жобалық құжаттаманы (FEED) әзірлеуге көшіп, тиімді техникалық және ұйымдастырушылық шешімдерді іздеу жолын бірлесіп жұмыс істеуі қажет.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 19 қазанда ресейлік осы кәсіпорын дрондар шабуылына ұшырап, ірі зауыт Қазақстаннан шикізат қабылдауды уақытша тоқтатқан. Сол кезде Қарашығанақ кен орнында мұнай мен газ өндірісі қысқарған.
Бұл зауыт шикі газды арзанға сатып алып, өңделген көгілдір отынды Қазақстанға үш есе қымбат бағаға сатып отыр.
Бір күн бұрын, 24 желтоқсанда кешке Қазақстан сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Украинаның Қазақстандағы елшісі Виктор Майконы қабылдады. Шағын ғана ресми мәліметте дрондар шабуылы туралы ештеңе айтылмады.