Үш облыстағы бірнеше автожолда қозғалыс шектелді

Қазақстанның үш өңірінде республикалық автожолдарда қозғалыс шектелді, деп хабарлайды «Қазавтожол«.
Қай жолдарда шектеу енгізілді
Жетісу облысы:
Үшарал-Достық автожолы, 84-164 км, Көктұм кентінен Достық станциясына дейінгі учаске.
Ақтөбе облысы:
РФ шекарасы – Мартук – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы автожолы, 776-1240 км, «ЭКО ойл» ЖМҚС-дан Қызылорда облысының шекарасына дейінгі учаске жүк және қоғамдық көлік үшін жабылды. Жол шамамен 30 желтоқсанда сағат 8.00-де ашылады.
Қызылорда облысы:
РФ шекарасы – Мартук – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы автожолы, 1240-1362 км, Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін учаске жүк және қоғамдық көлік үшін жабылды. Жол шамамен 30 желтоқсанда сағат 8.00-де ашылады.
Республикалық жолдардың жай-күйі туралы ақпаратты тәулік бойы 1403 call-орталығына қоңырау шалып, білуге болады.