Маңғыстау облысындағы дәрігерлердің 273 млн теңге жалақысы төленбеген
Жарияланды

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында жергілікті аурухананың 1040 қызметкерінің жалақысы уақытында төленбей, конституциялық құқықтарын бұзу фактісі анықталды, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Тексеру барысында осы жылдың қазан айындағы дәрігерлердің жалақысы белгіленген мерзімде төленбегені анықталды. Құқық бұұзушылықтарды жою үшін медициналық мекеме басшылығына прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.
«Енгізілген қадағалау актісінің нәтижелері бойынша аудандық аурухана 273 млн теңгеден астам сомаға жалақы төледі, бұл қызметкерлердің конституциялық құқықтарын толық қалпына келтіруге мүмкіндік берді», – деп хабарлады прокуратура.
Аурухана ұжымының еңбек құқығы қалпына келтіріліп, жалақы бойынша қарыз толық көлемде өтелді.