Елде 440 мың студент жасанды интеллектіні меңгерді – Ақорда

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ақорда жылды қорытындылады/фото: shutterstock

Қазақстан ЖИ саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге заң жүзінде негіз қалаған әлемдегі алғашқы елдердің қатарына енді. Мұндай қорытындыны президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жасаған.

«Президент биылғы жолдауында Қазақстанды алдағы үш жылдың ішінде толық цифрлық мемлекетке айналдыру жөнінде стратегиялық міндет қойған еді. Аталған саладағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мақсатында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды», – деп жазды Желдібай жыл қорытындысында.

Сөзінше, «Жасанды интеллект туралы» заңды қабылдау арқылы Қазақстан ЖИ саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге заң жүзінде негіз қалаған әлемдегі алғашқы елдердің қатарына енген.

Президент білікті мамандар даярлауға баса мән беру қажет деп санайды. Сондықтан елде ЖИ саласындағы арнаулы зерттеу университетін құруды ұсынған.

Астанада Alemai халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылды. Студенттерге арналған AI-Sana бағдарламасы басталды. Сол арқылы қазірдің өзінде 440 мыңнан астам студент ЖИ саласын меңгерді.

Айта кетейік, Оқу-ағарту министрлігінің жанынан білім беру саласына жасанды интеллекті енгізу жөніндегі жұмыс тобы құрылды.

Сондай-ақ оқыңыз