Елде 13 мың шақырым жол салынды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: ашық дереккөзден

2025 жылы елде 13 мың шақырым автокөлік жолы салынып жөнделген. Жаңа жолдардың ұзындығы – 1,9 мың шақырым.

Стратегиялық тұрғыдан маңызды күрежолдар қатарында Орталық – Батыс автомагистралы, Қарағанды – Жезқазған, Ақтөбе – Ұлғайсын, Атырау – Доссор учаскелері бар.

Сондай-ақ Зайсан, Катонқарағай және Кендірліде үш жаңа әуежай құрылысы басталды. Арқалық әуежайын қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды.

2025 жылы ел нарығына бірқатар жаңа авиакомпания кірді. Бұдан бөлек, 35-тен астам жаңа бағдар, соның ішінде тұңғыш рет Шанхай, Гуанчжоу мен Мюнхенге тікелей рейстер ашылды.

Қызылжар – Мойынты екінші жолының, Алматы маңындағы айналма жолдың, Дарбаза – Мақтаарал және Бақты – Аягөз жаңа теміржол желілерінің құрылысы жүріп жатыр.

Ел аумағындағы 124 вокзалға күрделі жөндеу, жаңғырту жұмыстары жүргізілген.

Осы айда Алматы облысында «Күрті – Қонаев» автожолының 67 шақырымы қайта жаңғыртылғанын жазғанбыз. Учаске елдің ең ірі агломерациясын орталық өңірлермен тиімді байланыстыруға мүмкіндік бермек.

Сондай-ақ оқыңыз