XXV Қысқы Олимпиада ойындары: Қазақстаннан 35-ке жуық спортшы барады

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов / Фото: Үкімет

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қазақстан спортшылары 2006 жылғы XXV Қысқы Олимпиада ойындарына қалай дайындалып жатқанын айтып берді.

Олимпиада жайлы

Ойындар Италияның Милан және Кортина-Д’Ампеццо қалаларында 6 – 22 ақпан аралығында өтеді. Жарысқа 93 елден 3 000-ға жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Олар 116 марапат үшін бақ сынайды.

Олимпиаданың малтанатты ашылу рәсімі 2026 жылдың 6 ақпанында Милан қаласында өтеді, ал жабылу салтанаты 22 ақпанда Верона қаласында өтеді деп жоспарланған. Ойындар бағдарламасы конькимен жүгіру және шаңғы жарысы спортшыларының өнер көрсетуімен басталады. Соңғы кезеңде тау шаңғысы бойынша жарыс өтеді.

Қазақстан командасы

Ұлттық команда спорттың 10 түрінен 58 медальға таласқа түседі. Олардың қатарында биатлон, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғы спорты, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарыстары, шаңғымен трамплиннен секіру, фристайл-могул және фристайл-акробатика бар.

«Болжамға сәйкес, ұлттық команданың құрамында 35-ке жуық спортшы болады деп күтілуде. 2022 жылы Пекинде өткен қысқы Олимпиада ойындарында еліміздің намысын 34 спортшы қорғаған. Қазір Софья Самоделкина мен Михаил Шайдоровтың мәнерлеп сырғанаудан 2 жеке ресми Олимпиада лицензиялары бар. Сонымен қатар, спортшыларымыз шорт-тректен 9, конькимен жүгіруден 12 лицензия жеңіп алды», – дейді министр Мырзабосынов.

Мырзабосыновтың сөзінше, елде қысқы олимпиадалық спорттың 13 түрі дамып келеді. Олардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету және олимпиадалық резервті дайындау мақсатында спорттық инфрақұрылымды кеңейту жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде елімізде қысқы спорт түрлеріне арналған 1262 спорт нысаны бар. Құрылған инфрақұрылым қысқы спорт түрлерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді және олардың кеңінен дамуына ықпал етеді. Қысқы спорт түрлерімен жүйелі түрде айналысатын азаматтардың саны 149 мыңға жуық адамды құраса, спорт мектептерімен қамтылған балалар мен жасөспірімдер саны 17 мыңға жеткен.

Сондай-ақ оқыңыз