Түрік полициясы содырларға қарсы операция барысында 110 күдіктіні ұстады
Жарияланды

30 желтоқсанда Түркия полициясы «Ислам мемлекетіне» қарсы операция барысында 110 күдіктіні ұстады. Бір күн бұрын елдің солтүстік-батысындағы атыстан полицияның үш қызметкері мен алты содыр оққа ұшқан.
Reuters мәліметінше, полиция Ыстанбұлға жақын маңдағы Ялов қаласындағы бір үйде сегіз сағат бойы қоршауда ұстап тұрған. Ал бір апта бұрын құқық қорғау органдары ИМ-нің 100-ден астам мүшесін қолға түсірген. Сол кезде полиция содырлар Рождество мен Жаңа жыл мерекесі кезінде теракт жасамақ болды деп хабарлаған.
Биыл Түркия содырларға қарсы операцияларын белсенді түрде жүргізіп жатыр, себебі ұйым қайтадан бас көтерген.
«Ислам мемлекетінің» Сириядағы топтарына қосылуға барған содырлар әдетте ол елге Түркия аумағы арқылы өтеді.